Сарқырама – Cырбай Мәуленов

Бұл бетте «Сарқырама» атты Cырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 1
  • 9961
Көз тауып мұздың нәзік ойығынан,
Төгіліп меруерт моншақ мойынынан,
Шыққандай ерке сұлу еркіндікке
Кавказдың қарлы суық қойынынан.
Құзардан құламалы аттан салып,
Со бір су құз қайнардан жатқан ағып
Кей кезде көкпеңбек боп мөлдірейді,
Құйылған көк шыныдай тақталанып.
Өмірдің шапағатты бұлағындай,
Бойынан жастық күші тұр арылмай,
Құлдилап биік құздан жарқырайды,
Кавказдың қиқу салған қыранындай.


Пікірлер (1)

Əсем Турусбек

Сарқырама таппақ

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сарқырама өлеңінің авторы кім?

Cырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Сарқырама өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сарқырама өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Cырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сарқырама өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері