Бұл бетте «Кеме» атты Жанабай Әміре жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кеме түбі тесілді жөнделместей,
Ағашы да тозықты өңделместей.
Іші толы дүрбелең абыр-сабыр,
Кеме күйі ажалды бір көргендей.
Ескектер есілді қиырдағы аралға,
Ештеңе жоқ қу дала, сол аралда.
Ескек сынды, көп ет жыртылды,
Зәкір қысылды тастар арасында.
Адамдар жыларман зәкір тартты,
Жегіп жұмысқа, бала мен қартты.
Суға ұрылды кеменің бір қапталы
Мұхитқа батты кеменің капитаны.
Ол капитан бар бәрінің жүрегі ед,
Шын мәнінде оңбаған сужүрек ед.
Кемедегі байғұстың бәрін тастап,
Қиырдағы аралға жалғыз кетіп ед.
Жылан да терісін тастамайды ма?
Әлде мәңгі қамалумен қалады ма?
Бірге бату неге шыққан, батса кеме.
Жалғыз өмір ағашпен теңеледі ме?
Асау толқын сабады жан-жағынан,
Кете алмады кеме арал арасынан.
Басы ұрылып, жартасқа аяқ-асты,
Бірақ шықты мұхиттың ең түбінен
Айқайлайды мұхиттың тереңінен,
Осы ма еді, капитан кемелденген.
Жалғыз өмір қыл үстінде тұрғанда,
Бар ойы кемеде көп мұң кешкен.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі