Қасым туралы өлеңдер – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Қасым туралы өлеңдер» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 4448
БІРІНШІ ӨЛЕҢ
Алақандай бұл жерге,
Қалайша енді сиярсың?
Жақын ең кеше жүргенде,
Бүгін сен алыс қиялсың.
Жырладың өзің өлкенің —
Даласын, тауын, көлдерін.
Көре алмай кеттің ертеңін,
Көре алмай кеттің көп жерін.
Сілтедің ұшқыр қаламды,
Өмірдің сырын ерте ұғып.
Алшаңдап бастың қадамды
Өсірді елің ерке ғып.
Ой тізгінін ірікпей
Күнде жаңа жыр туып.
Дауылмен ойнап бүркіттей
Алушы едің сілкініп.
Өлді деу сені қиянат,
Өлмейтін жан дер едім.
Әр жүректе ұялап,
Жатыр тулап өлеңің.
ЕКІНШІ ӨЛЕҢ
Теректерге асыла,
Шықты ол таудың басына.
Ой жүгіртіп көз салды
Құздың қия тасына.
Ойнақ салып лепіріп,
Жатты бұлақ өкіріп.
Табиғатпен сырласты
Ақын жалғыз отырып.
Қонды ойына құбылып,
Жұмбақ сырлы дүние.
Айқай салып жыр буып,
Жүгірді ақын үйіне.
Сүйді бұлақ Қасымды,
Құлағына сыбырлап.
Қайта-қайта ашылды,
Дәптер беті судырлап.
ҮШІНШІ ӨЛЕҢ
Нық бұралып құлағы,
Домбырасы тұр әлі.
Шертпейді ақын сені енді
Алысқа ол жөнелді.
Дейтін ақын: «мұнда ап кел»
Жатыр жабық жыр дәптер.
Боларсың сен аңсаған,
Оралмайды ол саған.
Жаңғыртты да жер, көкті
Ерте бастап, ерте өтті.
Өлеңде үлкен орны бар,
Соған көңіл орнығар.
ТӨРТШШІ ӨЛЕҢ
Бар еді жырдың кеңесі,
Кешікті неге ол енді.
Болаттай балқып денесі
Отыр ғой құйып өлеңді.
Алдында оның көп арман
Алдында өзен, көк тоғай.
Асыға аттап Оралдан
Тартады қиял тоқтамай.
Арпалысқан кеудеде,
От жалынды бір тасқын.
Дүние қалды төменде,
Кезеді ақын бұлт астын.
Табиғатпен тұтасып,
Тауысты барып ол енді.
Қиялдың бұлты от шашып,
Құяды нөсер өлеңді.
БЕСІНШІ ӨЛЕҢ
Көк жүзінде көп жұлдыз бар
Бірі сөніп, бірі қалар.
Кейде жылы, кейде ызғар,
Табиғаттың күні болар.
Күндер, шіркін, өте берер,
Зырлап, зулап, асыр салып,
Ақын даңқы кете берер,
Алар оны ғасыр танып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қасым туралы өлеңдер өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Қасым туралы өлеңдер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қасым туралы өлеңдер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қасым туралы өлеңдер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері