Күн екіге бөлінбес – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Күн екіге бөлінбес» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2160
Я не знаю где граница
Между севером и югом.
Я не знаю где граница
Между товарищем и другом.
Михаил Светлов.
Батыс пенен шығыстың
Ортақ күн мен айы бар.
Бәрі ортақ туыстың
Кім бар оны айырар
Шығыс, батыс ол ұғым —
Жолаушыға мезгеген.
Біз білеміз барлығын,
Сұрамай-ақ кезбеден.
Айыра алмас шегін еш,
Ағайындық, қарындас.
Күн екіге бөлінбес,
Ай екіге жарылмас.
Жоқ ешқандай бөтені
Күнбатыс пен күншығыс.
Егіз ұлдай екеуі —
Ерте кезден бір туыс.
Бөлетұғын кім өзі,
Арамызда туыстық.
Тұтылмасын күн көзі,
Бола берсін тыныштық.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күн екіге бөлінбес өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Күн екіге бөлінбес өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күн екіге бөлінбес өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күн екіге бөлінбес өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері