Гүлстан

Бұл бетте «Гүлстан» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2864
Өзбектердің секілді жас еркесі —
Қызғалдақты қадап алған шөл төсі.
Самарқанның жібегіндей көз тартқан
Гүлстанның, нұрстанның өлкесі.
Шөл даланы шербет суға бөлеген,
Біз сіздерге алып келдік көп өлең,
Алып келдік қазақ Фархад сәлемін
Сырдария мен Ертіс суын бөгеген.
Жатқан жерде жалпақ тақыр, бурыл құм,
Өсті гүлдер бұрымындай сұлудың.
Біз сіздерге алып келдік сәлемін,
Қазақ қызы қара көзді Шырынның.
Бұл Гүлстан болған сенің арманың,—
Сайра бұлбұл, айнала гүл жан-жағың.
Жас қаладан мұнара сап үйренген
Өзбектердің тұрмын танып қолдарын.
О Гүлстан, о Гүлстан, Гүлстан,
Жұлдыз болып аспаныңа жыр ұшқан.
Шөл даланы желекке орап тастапсың
Алғыс саған, өзбек елі, туысқан!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Гүлстан өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Гүлстан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Гүлстан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Гүлстан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері