Емен

Бұл бетте «Емен» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2035
Белорустың жерінде,
Басын иіп сәл төмен.
Бір ой салып көңілге,
Тұр сыбырлап қарт емен.
Соғыс жылы денесін
Өтіпті оқтар жаралап.
Қабығынан көресің
Бұжыр-бұжыр қара дақ.
Ол да үлесін қосыпты,
Туған кезде елге сын.
Жауған оққа тосыпты,
Қалқан етіп кеудесін.
Бұтағына асылып,
Қарапты ерлер қарауыл.
Жапырақпен жасырып,
Болыпты әр кез пана бұл.
Айырыпты меже боп
Өмір, өлім арасын.
Партизандай өр өжет,
Тұр ол сипап жарасын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Емен өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Емен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Емен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Емен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері