Комарово – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Комарово» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 1931
Репин жатқан қорған-оба
Жасанды көл.
Гүл алаңы.
Қарағайлы Комарово,
Финнің жалпақ шығанағы.
Құлағыма құйып өлең
Бір ай бойы сыбырладың.
Мен де жасыл иірімнен
Үнсіз-түнсіз сыр ұрладым.
Жайбарақат жатты Балтық
Шу асаудай түскен ноқта.
Төсіне күн батты балқып,
Сом темірдей піскен отта.
Жоқ томсарған тастарда тіл
Тыныштық теңіз алабында.
Жерде көкшіл аспан жатыр
Кронштадт қамалы ма?
Арбап сиқыр ертегі елес
Алысқа алып жүзді мені.
Сүйді беттен ертелі-кеш
Көк теңіздің тұзды желі.
Қарап айдын ұшанына
Толқындарды құшаққа алдым
Теңіз маған ұқсады да,
Мен теңізге ұқсап қалдым.
Желпіп жырдың сырлы сазы
Жаңғырығып қалдым біраз.
Рақмет,
Фин бұғазы,
Рақмет, жаңбырлы жаз!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Комарово өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Комарово өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Комарово өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Комарово өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері