Бұл бетте «Қала берді қара көз» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
07.02.2016
0
0
7012
Күлімкөзді Күнсұлу,
Көк көйлегі судырлап.
Бейне біздің қызыл ту,
Орамалын тұр бұлғап.
Жары үшін қам жейді,
Ойламайды өз басын.
Көңіліне келер деп,
Көрсетпейді көз жасын.
Жөней берді эшелон,
Сағым құсап бұлдырап.
Қала берді қара көз,
Орамалын бір бұлғап.
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі