Күн көзі – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Күн көзі» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2863
Тұманды аспан қар тастап,
Тұр еді кеше суытып.
Лақтырып қысты жамбасқа ап,
Күн шықты жерді жылытып.
Жапырақты жел тербеп,
Қайтадан ұшты шық қалмай.
Бұрқырап буы жер терлеп,
Моншаға түсіп шыққандай.
Жылылық жұртқа бермекке,
Құйылған нұрлы күншуақ.
Жетеді қалай жер-көкке,
Екеу де емес, бір шырақ?
Жерменен бірге жарысып,
Зырлаған заман кәрі күн.
Алмаған қалай тауысып,
Миллион жылдар жарығын?
Бүркесін тұман, жапсын бұлт,
Бәрібір жайнап ол шығар.
Қартаймай жеткен жақсылық,
Бәрімізге сол шығар.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері