Үнсіздік – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Үнсіздік» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 4033
(Мұхтар Әуезов қабірінің басында)
Ұлы деп мәңгі-бақи аталатын,
Аяулы жанның іштей атап атын.
Басында қабірінің тұр халайық
Үн-тілсіз білдіріп өз махаббатын.
Тұнжырап тұр айнала қорған үнсіз,
Гүл үнсіз, бұлбұл үнсіз, орман үнсіз.
Ардагер азаматтың қабіріне
Құйылған шар тараптан жолдар үнсіз.
Болса да тыныс бітіп тұншығардай,
Тұр тілсіз достары да үн шығармай.
Ол үнсіз, қиялы үнсіз жатыр ұйықтап,
Қиялға құлаш ұрып құлшына алмай.
Мөп-мөлдір құйып алып талай мұңды,
Үнсіздік терең тартқан бар қайғыңды.
Үнсіздік әрі сонша салтанатты,
Үнсіздік селк еткізер әрі айбынды.
Қарауыл қойып әркім дыбысына,
Айтпай-ақ көңіл күйін ұғысуда.
Сөздерден мың есе артық қуат бардай
Үн-тілсіз жұрттың осы тұрысында.
* * *
Алпыста Жақан көңілді,
Баяғы бала қалыпта.
Аралап Әйет, Тобылды,
Жүргендей Қарабалықта.
Осындай онда жас жаны,
Болса да қырықтың бесінде.
Даладай ұзақ дастаны,
Қалыпты жұрттың есінде.
Айыру қиын Жақаннан
Өмірдің қырық пен алпысын.
Серісі елдің атанған
Ақын бір бала халық үшін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Үнсіздік өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Үнсіздік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Үнсіздік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Үнсіздік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері