Ақан серіге

Бұл бетте «Ақан серіге» атты Табылды Досымов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.06.2019
  • 0
  • 0
  • 7690
Жастық атты жүргенде дүрбелеңмен,
Аруларға ғашық боп қызғанарлық.
"Таң асып торыны" мінбегенмен,
"Қылаңдарға" таксилеп біз де бардық.

Шығамын деп сәлемін жолдағанмен,
Шықпай қалып жүректі сыздатқан қыз.
Сіздікіндей көк бұйра болмағанмен,
Көсіп-көсіп шақшадан біз де атқанбыз.

Жел өтінде желіккен Табылды аяп,
Түнеріп ап қабағын мұң басқан күз.
"Екеу ара бір шапан жамылмай - ақ",
Бір қол шатыр астында сырласқанбыз.

Келешектің біз келіп елесін көп,
Орындалып ойдағы арман-ісім.
"Енді қашан ағажан келесің?" - деп,
Әлгі арудың жәудіреп қалғаны шын.

Шақшамды алып, тағы бір көсіп, күліп,
Жыр құрадым баяғы ақындардай.
Таң алдында трамвай тосып тұрып,
Қиналғаным болмаса атым болмай...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақан серіге өлеңінің авторы кім?

Табылды Досымов — осы өлеңнің авторы.

Ақан серіге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақан серіге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Табылды Досымов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақан серіге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері