Боз көде – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Боз көде» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2766
Қасиеті танылмай
Тұрса да әзір өзгеге,
Жабағының жалындай
Жалбырайды боз көде.
Жел үрлесе басылмай
Тулайды, онда жоқ тыныш,
Бейне атамның шашындай
Шашақтары ақ күміс.
Барсаң туған еліңе
Жаз шыққанда жер көктеп
Тұрады арқа белінде
Атаңдай сол елбектеп.
***
Күн де сөнді, түн де келді түнеріп,
Қараңғы түн жатып алды шіреніп.
Күн болғым кеп атып тұрдым орнымнан,
Түн қойнында болмайын деп тірі өлік.
Жатқан дала оянғандай түн қымтап,
Қайта көкке атылғандай күн шырқап.
Жазғы таңдай жан дүнием нұрланып,
Көк теңіздей келе жатты жыр бұрқап.
Жалғыз едім, селк еттім мен, шошындым,
Бір қарасам бәрі отыр досымның,
Олар отыр менімен бір бұрқанып,
Олар отыр өлеңіме қосып үн.
Сені таптым сол достардың ішінен,
Өз жаныңды өз жанымнан түсінем,
Суретіңді түсірер ем қағазға,
Сезіміңді бірақ қалай түсірем.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Боз көде өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Боз көде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Боз көде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Боз көде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері