Туған жерге ода – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Туған жерге ода» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2909
Аспанның күлімдеген
Миллион мың көздеріндей,
Алғашқы дірілдеген
Махаббат сөздеріндей.
Шеру күйін шерткен қолбасыдай
Көктемнің үлбіреп үзілген көз жасындай.
Мың өзендер мен
Мың көлдердің бастауындай.
Ақ сәулелері құйылған
Апрель аспанындай.
Қыранның қиядағы ұясындай,
Бабаның аманат мұрасындай,
Назды дауыс нәзіктіктей,
Төтеннен жол салатын тапқырлықтай.
Жаңа жылдың жарқыраған отындай,
Ар-намыстың таразыгер сотындай.
Өсектердің өрмегіне шатылмай,
Өлеңдерін күркіреткен ақындай.
Мөлдіреген меймандос көңілдеріндей,
Ерліктей.
Өз салмаған өзі білетін жеңілденбей
Өрліктей.
О, туған жер, тәңірім,ием де сен,
Тым арзан сөз жәй ғана сүйем десем.
Құлар едім желге ұшып қу бұтақтай,
Бір өзіңе сүйенбесем.
О, туған жер, сенсің менің күн,айым,
Сыйынатын бір өзіңсің, құдайым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Туған жерге ода өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Туған жерге ода өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Туған жерге ода өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Туған жерге ода өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері