Күлкі – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Күлкі» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 12958
Күлкі көрем көгілдір көл бетінен,
Күлкі көрем аспаннан,
жер бетінен.
Күлкі, күлкі жан-жағым, толған күлкі,
Күлкіменен дүние тербетілген.
Күлкілерде тұрғандай уақыт күліп,
Күлкілерде жатқандай бақыттылық.
Бірақ, бірақ күлкі бар көлгірситін,
Адам ұлын дарға асып, атып тұрып.
Іштен үңгіп адамның жанын жейтін,
Күлкілер бар адамды жәбірлейтін.
Адал ойдың ақ,
ашық сәулесіндей
Менің күлкім шын күлкі қадірлейтін.
Сондай күлкі бар өмір көктемінде,
Сондай күлкі тұр күліп көкте, күнде,
Сондай күлкі тұр күліп теректерде,
Сондай күлкі бар ана беттерінде,
Сондай күлкі тұр күліп бөбектерде.
***
Жантайып жатып жырада
Таулардың жасын сұрама.
Басына оның шықпасаң
Ұқпайсың сырын сірәда.
Тұрса да қазір жуықта,
Жетпейсің оны қуып та.
Қашады сенен алыстап
Сүңгиді барып бұлтқа.
Асатын алда өрің көп,
Ағатын алда терің көп.
Өмірдің жолы ауыр жол
Ойлама оны жеңіл деп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күлкі өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Күлкі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күлкі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күлкі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері