Ән - күй – Бернияз Күлеев

Бұл бетте «Ән - күй» атты Бернияз Күлеев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.12.2015
  • 0
  • 0
  • 3272
Естілсе күй, салынса әнге шырқап,
Тұра алмайды төзім ғып көңіл шыдап.
Жібіп жүре береді жәйіменен,
Оты сөнген ер жүрек қалған мұздап.
Қуаныш па, қайғы ма? Ойды шырмап,
Еркіне алып, өзіне тартады ырғап.
Ішің - тысың елжіреп, ес өзгеріп,
Көңіл жасы кетеді бәрін былғап.
Бейіш үні зыңылдап құбылады,
Көзге елестеп, құлаққа құйылады.
Жас жүрекке орнығып, бойыңды алып,
Жерде еместей көрінер адам жаны.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ән - күй өлеңінің авторы кім?

Бернияз Күлеев — осы өлеңнің авторы.

Ән - күй өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ән - күй өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бернияз Күлеев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ән - күй өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері