Целиноград

Бұл бетте «Целиноград» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2443
Целиноград — гүлдер,
Жаралған махаббаттан.
Целиноград — үйлер,
Қаланған қат-қабаттан.
Целиноград —
Күмбездер күн терезелі,
Целиноград —
Көк Есіл —
Даланың өр өзені.
Целиноград — ақ бидай, ала тары,
Арқаның ар, атағы.
Целиноград —
жерімнің ақ пейілі,
Елімнің алақаны.
Целиноград —сан ұлтты ел еңбегі,
Бар онда шеберлердің қол өрнегі.
Целиноград — күйлері Тәттімбеттің,
Целиноград — Сәкеннің өлеңдері.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Целиноград өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Целиноград өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Целиноград өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Целиноград өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері