Қауыз

Бұл бетте «Қауыз» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.09.2021
  • 0
  • 0
  • 980
Міне, масақ — дұрыс сынды түр-түсі,
күміс сын-ды күлкісі:
Қауыз, қауыз!
Сылдыры бар, жоқ дәні,
О, құдайдың...
О, құдайдың соққаны!
Ал, сабақ сол... сол баяғы бір сылдыр,
ал, бос қауыз — жүрегі жоқ көкірек,
мықты екенсің, күрсіндір!
Қанағаты қарынға ауған ол да ауыз,
түбі түскен ыдыс сын-ды жалмауыз.
Жел екпіндеп, күн төбеден жанғасын
ол да өседі.
Құрт па, дерт пе — қағып алған дән басын!
Күлме, достар, ей, күлмеңдер, күлмеңдер,
басын іздеп сипаласа ол жамбасын.
Жүрегі жоқ көкіректер, тыңдаңдар,
тыңдай білсең бос сөзде де бір мән бар.
Бірақ құрғақ сыбдырымен кімді алдар
О басында қауыз болып туғандар?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қауыз өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Қауыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қауыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қауыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері