Аңсау – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Аңсау» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3407
Да мне, нравилась девушка в белом,
Но теперь я люблю в голубом.
Сергей Есенин.
Өтіп кетті жауынымен жасыл жаз,
Бірге кетті байпаң-байпаң басып қаз,
Бірге кетті толықсыған жастық шақ
Толқын күлкі, ерке қалжың, ғашық наз.
Жалт қаратқан аласа бір үйге жүз,
Кетіп қалды қызыл көйлек киген қыз,
Енді ол қайтып қызыл көйлек кимейді,
Енді ол маға басын қайтып имейді.
Енді ол кеште жүре алмайды сылаңдап,
Мен де кеште жүре алмаймын сыр аулап,
Құлыншақ күн енді бізге келмейді,
Мың қайтара шақырғанмен құраулап.
Басқа қыздар қызыл көйлек киеді,
Басқаларды балқып тәні сүйеді.
Шіркін солар күлкісімен қытықтап
Босатады тас боп қатқан жүйені.
* * *
Қостанайда,
Жас тоғайда
Өтіп кетті ерте жаз.
Мөлдір көлдей,
Қоңыр желдей
Жанды тербеп ерке наз.
Өтті-кетті
Көкіректі
Қарсы айырып тілімдеп.
Жанымда Ізі —
Жалын жүзі
Жатыр жайдай дірілдеп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аңсау өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Аңсау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аңсау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аңсау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері