Ертісте – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Ертісте» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2390
Найзағайлы күрең түсте
Мейлі өзенде тұрсын дүлей.
Абай жүзген ұлы Ертіске
Кете алам ба бір сүңгімей?!
Аспанды бұлт жаба берді
Көп найзағай көзінде ойнап.
Ертіс тулап аға берді
Өз бұлттары өзінде ойнап.
Күн күркіреп ойнай берді
Жайды қызыл арай құшақ.
Мен Ертіске бойлай бердім
Бір кездегі Абайға ұсап.
Шықты шұбар күн нұрланып,
Бұрқ-сарқ қайнап өтті дүлей.
Жатты Ертіс күмбір қағып
Жырлы Абайдың көкірегіндей.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ертісте өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Ертісте өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ертісте өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ертісте өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері