«Қаракөз»

Бұл бетте ««Қаракөз»» атты Cырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3922
Қаракөз шарап ұсынды
Шараптың аты «Қаракөз».
Көрер ем сенің күшіңді
Кездеспей қалдың ана кез.
Қайта атып алтын жаңбырын
Ыршиды шаран ыдыстан,
Жұтардай алғаш таң нұрын
Тамсанды ақын туысқан.
Қиялы қақты қанатты
Ол үшін қазір өзге ұмыт.
«Қаракөз» тәтті шарапты
Жіберді тартып көз жұмып.
«Қаракөз» шарап ұсынған
Қаракөз енді аман бол.
Көз қадап өкпе тұсыңнан
Сұқтана қалды саған ол.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

«Қаракөз» өлеңінің авторы кім?

Cырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

«Қаракөз» өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

«Қаракөз» өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Cырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

«Қаракөз» өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері