Тау үстінен қарасаң – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Тау үстінен қарасаң» атты Сырбай Мәуленов жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2893
Таңертең
Таудан қарасаң,
Қаланың үсті
Қара шаң.
Қара көлдей тұнып жатқан,
Қара дөңдей сұлық жатқан.
Сол тымырсық қапырықта
Еркін бойын жаза алар кім?
Шіркін, жел бір сапырып қап,
Ашса жолын таза ауаның:
Ерекше бір сый-құрметтей,
Болар еді жанға тыным.
Тұрар еді күні кетпей
Күн қаласы Алматының.
Тұрар еді терезелер
Сәулелерден перде тұтып.
Жан сарайы жайнар еді,
Жас ауаны кеуде жұтып...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тау үстінен қарасаң өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Тау үстінен қарасаң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тау үстінен қарасаң өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Тау үстінен қарасаң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері