Қыздарға – Абай Құнанбайұлы

Бұл бетте «Қыздарға» атты Абай Құнанбайұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.03.2019
  • 0
  • 2
  • 19689
Қойдан қоңыр, жылқыдан торы Бәкең,
Адалдыққа бар елдің зоры Бәкең.
Ұры-қары көбейіп, к... шөмейтіп,
Неге болды бар елдің қоры Бәкең?
Лекер, Бітімбай мен Аталықты,
Жанқожадан кім көрген қапалықты?
Байұзақ одан соңғы адамы еді,
Бәрі де кісі-ақ еді хасалықты103.
Дауылбай Қыздар менен айпар-жайпар,
Екеуі бітім десе басын шайқар.
Екі елерме бітімге жөн келер ме,
Ақылы болмаған соң артын байқар?
Сөзіңнің басы ыржаң, соңы қылжаң,
Жүгенсіз жүре бермек — сенің ырзаң.
Сенен күшті кісілер не боп жатыр,
Заманыңның тарлығын ойла, мырзам.
Шотқара кірсе алдап, шықса күлген,
Елірмелі Досаққа кісімсінген.
Бұл топта маған айтар кісі бар ма,
Дауылбай мен Қыздардың жөнін білген?
Айтқожаның қулығы сені елірткен,
Бір дем салса, күшіктей соңына ерткен.
Менің терім тарылып келе жатыр,
Бұрын кісім емес ең жалғыз шерткен.

* * *

(М. Ю. Лермонтовтан)


Пікірлер (2)

Балхия бекботаев

Оте керемет мен Абай атанын олендерин жаксы коремин

Аиару

Ең оңаи тақпақ

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қыздарға өлеңінің авторы кім?

Абай Құнанбайұлы — осы өлеңнің авторы.

Қыздарға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қыздарға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абай Құнанбайұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қыздарға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері