«жатыр мұнда суворов» – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте ««жатыр мұнда суворов»» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 1693
Измаил мен Альпіде
Көтерілген ту болып,
Ұран болған әр тілде,
«Жатыр мұнда Суворов»
Салтанатты қабірсіз,
Саусылдаған қарусыз.
Жатыр аяқ астында,
Атағы асқан жан үнсіз.
Лавраға барғанда
Кетер ішке у толып,
Деп жазылған мәрмәрға
«Жатыр мұнда Суворов»
Сұқтанарлық өзге жұрт
Керексіз деп мазарат
Өлген мұнда көз жұмып.
Қол басы ер азамат.
Сол сөзінен сыр ұғып,
Тұрмын оны түсініп,
Шіркін, қандай ұлылық,
Шіркін, қандай кішілік.
* * *
Күн көреді алыстан өз нұрларын,
Кішкене көздерінен қозылардың.
Кішкене көздерінен құлындардың,
Күн көреді алыстан өз нұрларын,
Жылу кіріп бойына отын ап күн,
Жарқ етеді жанары топырақтың,
Ашылады көздері көгілдірдің,
Ашылады көздері жапырақтың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

«жатыр мұнда суворов» өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

«жатыр мұнда суворов» өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

«жатыр мұнда суворов» өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

«жатыр мұнда суворов» өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері