Алғашқы адым – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Алғашқы адым» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2240
Қалды өзенде — жар астында,
Найзағай қанат алабұға.
Отырды ол мектеп партасында,
Өмірдің тұңғыш сабағында.
Бұл үшін жұмбақ — бәрі жаңа,
Көргені осы үйінен шығып.
Білмейді мына қабырғаға
Тұрғанын бүкіл дүние сыйып.
Сезбейді ол карта белгілерін,
Өзен, тау, тайга ағашын да.
Білмейді барын арасында,
Өзінің туған қаласы да.
Білмейді ол сонау жолақтарда
Жолбарыс жортқан көп іздер барын.
Көз жасы бу боп қонақтап тауға
Көбігін атқан теңіздер барын.
Бермейтін тегін қолыңа кілтін,
Әлемнің талай заты бар жұмбақ.
Оқасы қанша, мұны да бір күн,
Өзіңдей бала отырар тыңдап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алғашқы адым өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Алғашқы адым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алғашқы адым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алғашқы адым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері