Табиғатпен туыстық – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Табиғатпен туыстық» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2656
Келіп қалдым Баянға дәм-тұз айдап,
Таңертеңнен жүрегім тау-құзда ойнап,
Толқынына шомылып, құмында аунап,
Жасыбайды жатырмын жалғыз жайлап.
Бәлкім жұртқа бұл алыс жер шегіндей,
Ал мен үшін жанымның бөлшегіндей.
Қымыз иісі мұрнымды қытықтайды
Шыңдар — мама биенің емшегіндей.
Жүрген адам баласы қауымында,
Табиғаттың мен де бір тауымын ба?
Күн шалғанда басымды жаным жайнап
Бұлт жапқанда батамын ауыр мұңға.
Жүрген қиял толқынның желігінде,
Табиғаттың мен де бір көлімін бе?
Жел үрлесе жалданып көтерілем,
Жел соқпаса желік жоқ көңілімде.
Жаралдым ба ауаның оттегінен,
Әлде дәрі даланың шөптерінен.,
Әйтеуір бар бәріне туыстығым,
Құшағына қысады шеттерінен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Табиғатпен туыстық өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Табиғатпен туыстық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Табиғатпен туыстық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Табиғатпен туыстық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері