Тақташ – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Тақташ» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 1964
Өлермін де
Ұмытылармын деп,
Бекер,жүрек,жанасың.
Тамбов ормандары
Сағынар әлі
Өзі өсірген бунтарь баласын.
Һ.Тақташ
Ей,Тақташ,
Келешек келіспесе,
Бұл сөзімді теріс десе,
Өзі айта жатар бітімді.
Ей,Тақташ,
Тамбов ормандары,
Торғай өзендері,
Екеумізге аздық ететін сықылды.
Бір өзің бір белестей,
Ешкіммен іргелеспей,
Қалдың сен ел есінде,
Еділ бойлап,
Еліңде ойлап,
Барасың келешек кемесінде.
Жүреді жүректерде:
Жүзіп даусың,
Өткір көздерің,
Уытты сөздерің
Сен қызықпайсың
Өлең-жырына өзгенің.
Ардақты есімің,
Біледі сені бүкіл ақын халық
Әдірессіз болашақ ұрпақтардың
Қағады есігін
Хатың барып.
Сұрамастан
Көшесін,
Үй нөмерін
Шығады төрге сенің сыйлы өмірің.
Ей,Тақташ,
Кетті шырқап өлеңдерің
Таңданбашы
Жас жұртыңа
Жалғыз Тамбов емес
Көп елдердің
Бар таңбасы
Сенің ақындық паспортыңда.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тақташ өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Тақташ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тақташ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тақташ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері