Ақын махаббаты – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Ақын махаббаты» атты Сырбай Мәуленов жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3801
Навои қалды ойланып,
Аузына бір сөз түспеді.
Қасынан қалмас айналып,
Махаббат деген құс па еді?
Көрінбей салған күйікке,
Махаббат деген дақпырт па.
Әлде бір сонау биікте,
Қалқыған жайлап ақ бұлт па?
Ел кетіп әлсіз еріннен,
Шөлдеген сусап шағында.
Күміс шаң болып көрінген,
Махаббат деген сағым ба?
Махаббат бос бір арман ба,
Жамылған бекер лақап ат.
Бар болса егер жалғанда,
Қайда жүр со бір махаббат.
Осылай ақын мұңданып,
Отырды талдың түбінде.
Өзі де талдай ырғалып,
Кей кезде басып күбірге.
Махабатты іздеп таппаған,
Зар болып жалғыз сөзіне.
Қасында жатыр хат-қалам
Жарамай қиын кезіне.
Шашырап шыққын күнменен,
Он төрттегі ай туған.
Бәрі де көне тілменен
Махаббат болып айтылған.
Көзінде жастар тізбегі,
Тулап бір тепкен тереңнен.
Махабатты енді ол іздеді,
Жүрегінднгі өлеңнен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақын махаббаты өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Ақын махаббаты өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақын махаббаты өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ақын махаббаты өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері