Балапандай бала көңіл – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Балапандай бала көңіл» атты Сырбай Мәуленов жазған бала туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3278
Үйдің іші ала қоңыр,
Ала қоңыр ағады өмір.
Ай туғанша асығады
Балапандай бала көңіл.
Бұл дүниенің бәрі достай,
Жоқ секілді менің жауым.
Өтсе біреу амандаспай,
Бүтін емес,көңіл жарым.
* * *
Аз ғана күн тойдым деп,
Асқақ сөйлеп лепірме.
Мен тындырып қойдым деп,
Жұрт үстіне секірме.
Тез толыссаң күн қақтап,
Тез қаларсың ортайып.
Жұртқа ере алмай бұлғақтап,
Отырарсың шоңқайып.
* * *
Оятамын бұлбұлдарды
Оятамын ұйықтап қалмасын деп.
Оятамын армандарды
Әлемді шарласын деп.
* * *
Кеудемде тау оты бар атылмаған,
Кеудемде бұлт оты бар шатырлаған.
Кей кезде кейбіреуден қатар жүрген
Сәулелі ашық аспан жақын маған.
* * *
Жел деген бір ойнаған
Табиғаттың шаттығы.
Тау деген ой ойлаған
Табиғаттың қарттығы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Балапандай бала көңіл өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Балапандай бала көңіл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Балапандай бала көңіл өлеңі не туралы?

Бұл шығарма бала туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Балапандай бала көңіл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері