Кочегар

Бұл бетте «Кочегар» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2263
Өмірдің оты ойнап жанарында,
Кетеді жұмысынан таң алдында.
Кетеді жылылығын жұртқа беріп
Түтінді тұндырып ап қабағына.
Ұйқыда қалмасын деп суып денең,
Бойыңды бусандырар буыменен.
Тұтанып батарея түтіктерін,
Кранның сипар жылы суыменен.
Лебінен бүрқыраған бұл жігіттің,
Жылынып бөлмеге еніп тұр суық күн.
Қызуы суымайды күндізде де,
Ол жалғап кеткен түнгі тіршіліктің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кочегар өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Кочегар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кочегар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кочегар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері