Қырғыз тойында – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Қырғыз тойында» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2326
Қабыл ал сәлем, жігіттер
— Алаулы сөзді қырғыздар,
Қабыл ал сәлем, шыбық бел
— Аяулы көзді гүл қыздар.

Қабыл ал сәлем, қариялар,
Шыңдардай басын қар басқан.
Қөңілі даңғыл дариядай
Бүгінгімен жалғасқан.

Қабыл ал сәлем, аналар,
Ұйықтатып жатқан жұлдызды.
Қабыл ал сәлем, балалар,
Гүл иісті, күн жүзді.

Бұл сәлем — қазақ сәлемі
Қырғызды сүйген жанындай.
Ғажап көл, ғажап таң елі,
Жасай бер ұзақ тауыңдай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қырғыз тойында өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Қырғыз тойында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қырғыз тойында өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қырғыз тойында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері