Диқан – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Диқан» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3365
Сорлы түспес бір ғалымнан,
Диқан білер дала жайын.
Айдың қалай туғанынан
Болжар таңғы ауа райын.
Оған бақыт жер несібе,
Оның келер күні егінде.
Көшер бұлттар кеудесінде,
Жауар жаңбыр жүрегінде.
Жаумай бұлттар мезгілінде,
Тұрса аспан өлі жандай,
Диқанның да жер секілді,
Кетер құты, шөлі қанбай.
Құрытпайды өзге мысын,
Жанында оның жалғыз-ақ мұң:
Қорғау еккен өз жемісін
От желінен аңызақтың.
Жоқ диқаннан батыр асқан,
Жатыр нанда барлық үміт.
Кездерінде жатыр аспан,
Маңдайында жаңбырлы бұлт.
* * *
Көңілдің уы да бар, гүлі де бар,
Жатады бірінде зар, бірінде бал.
Бірде ашық, бірде күңгірт тас қараңғы
Кім оның күйін сезіп, тілін ұғар.
Көңіл бір берік қамал жан ала алмас,
Жартастай кейде жатар жап-жалаңаш,
Кей кезде бұлттар қаптап жасын атып,
Жауады жаңбырменен қар аралас.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Диқан өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Диқан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Диқан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Диқан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері