Хикмет – Нұрбол Бимұрзаев

Бұл бетте «Хикмет» атты Нұрбол Бимұрзаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.03.2016
  • 0
  • 0
  • 3487
Мал-мүлікке табынғандар өлетінін білмей ме,
Байлығының бәрін тастап қара жерге кірмей ме,
Құл ақысын жегендердің ажалдары келмей ме,
Ахиретте амалдардан Хаққа есеп бермей ме,
Күнәларға булыққанның ар-ожданы сөнбей ме,
Жаман қылық қанға сіңіп дағды болып өнбей ме,
Екі күндік дүниеде сауап жиып термей ме,
Көзден перде алынғанда ақиқатты көрмей ме,
Осыларды білетіндер адал ғұмыр сүрмей ме,
Құлшылық қып екі дүние бақытына ермей ме!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері