Заңдылық – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Заңдылық» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 26.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1680
Тумақ, өлмек –
Бұлжымайтын заңдылық,
Мән бар ма екен
Дүниеде мәңгілік?
Бұл сауалға
Жауап берер бір құдай,
Фәни, бақи
Жаратты ғой жанды ғып!
Хаос­ойды
Кезіп босқа, қаңғырып,
Өзіңді өзің
Жегідей жеп мәңгіріп,
Ажалыңнан бұрын өлмей,
Өмір сүр,
Шектен шықпай,
Шүкірлікпен дәмді ғып!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері