Мен ғана – Тоғжан НҰРҒАЛИҚЫЗЫ.

Бұл бетте «Мен ғана» атты Тоғжан НҰРҒАЛИҚЫЗЫ. жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жаныңды сенің ұғатын,
Алдыңнан күліп шығатын.
Ұзап кетсең сәл ғана
Сағынып сені тұратын
Мен ғана...

Қиындығыңмен бөлісетін,
Қуанышта да көрісетін,
Сағынып бір жеткенде
Құшақтасып, өбісетін
Мен ғана...

Қателігіңді кешіретін,
Жақсы атыңды өсіретін.
Шалыс бассаң әрдайым
Шын жүрекпен түсінетін
Мен ғана...

Өмірлік серігің болатын,
Қабағыңнан бәрін ұғатын,
Еркелетіп бала-шағаңды
Өзіңе еркелеп тұратын
Мен ғана...

Құшағын жайса кең дала,
Жаныңда болам мен ғана.
Кез келген сырқат пен дертіңе
Боламын, жан жарым, мен дауа.
Жан дауаң сенің мен ғана...
Мен ғана...

Тоғжан НҰРҒАЛИҚЫЗЫ.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен ғана өлеңінің авторы кім?

Тоғжан НҰРҒАЛИҚЫЗЫ. — осы өлеңнің авторы.

Мен ғана өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен ғана өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тоғжан НҰРҒАЛИҚЫЗЫ. өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен ғана өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар