Тәуелсіздік таңы атсын елімде – Байжанова Альбина

Бұл бетте «Тәуелсіздік таңы атсын елімде» атты Байжанова Альбина жазған тәуелсіздік туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Тәуелсіздік оңай бізге келген жоқ,
Ұл-қыздарым оны қолдан берген жоқ.
Отан үшін құрбан болған боздақтар,
Ел есінде қалды мәңгі өлген жоқ.

Әрқашанда тыныш болсын түніміз,
Шуақ шашсын ашық аспан күніміз.
Кеше ғана азаттықты аңсаған,
Бүгін міне, ірі елдердің біріміз.

Жалыным бар ешкім оны сөндірмес,
Бұл әлемде қазақ жерін кім білмес.
Қонақжайлы, азат елді, көп ұлтты,
Қазақстан еліне ешкім тең келмес!

Халқым аман, тыныш өмір кешейік,
Елімізді қорғап мәңгі жүрейік.
Бар адамға бір ғана менің тілегім:
Бейбітшілік қасиетін білейік!


Ақтөбе облысы,Мұғалжар ауданы,
Ембі қалалық №7 орта мектебінің
10 «б» класс оқушысы Байжанова Альбина
Жетекшісі: Жулаева Шатгүл Бақытқызы


Пікірлер (6)

Айда

Бул олендер неше турлі болып келді мен тек тәуелсіздік бізге оңай бізге оңай келген жок дегенің алдым

Қайсар

Молодец!

Ақжібек

керемет

Зияда

Керемет

Диана

Халкымаман тыныш омир кешейк уксамаи кетти сурейік деген уйкасады менде осылай олен шыгарам сондыктанда аитп жатр едим бирак кушти олен шыгарган керемет

Лаззат

Керемет кызым маган оте Канады кызыма жаттатып отырмын

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тәуелсіздік таңы атсын елімде өлеңінің авторы кім?

Байжанова Альбина — осы өлеңнің авторы.

Тәуелсіздік таңы атсын елімде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тәуелсіздік таңы атсын елімде өлеңі не туралы?

Бұл шығарма тәуелсіздік туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Тәуелсіздік таңы атсын елімде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері