Түнге
Бұл бетте «Түнге» атты Константин Бальмонт жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Теңізден тұзды терең жұтып улап,
Дымқылмен ауырлықпен, қиял бунап.
Терең түн, бері кел жақын,
Сұлу түн, жақын кел бері.
Құшайын, тәтті ұйықтайын,
Сүйетін сені мен ақын.
Тереңіндей теңіздің
Түпсіз түн, бері кел жақын,
Сүйетін сені мен ақын!
Өртті кештің түтіні тұншықтырған,
Сүйтіп сорлы жүректі ушықтырған.
Тәтті түн, тыныштық, бер сабыр,
Қуалауды көп көрдім,
Улы жанды осынша
Түн қуғыны қылды ығыр.
Тербе, ұйықтат, терең түн,
Қажыған жанға бер дамыл!
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі