Жеңіс күні – Гүлсана Тілеубекова

Бұл бетте «Жеңіс күні» атты Гүлсана Тілеубекова жазған соғыс туралы өлең берілген.

  • 02.05.2016
  • 0
  • 2
  • 14710
Жайқалтқан бұл жер үстін,
Келді міне жеңіс күн.
Сол жеңістің арқасы,
Басын шалдық көп істің.

Кетсе дағы көп есем,
Жұртым аман,ел есен.
20 млн. аз емес,
Нөлдері көп демесең.

Желбіреп жеңіс жалауы,
Алаулап жанып алауы.
Қазағым бүгін азат ел,
Қуанышты бұл жаңалық.

Азаттық сыйлап жаңа күн,
Армандап келген сан ғасыр.
Бұл жеңіс оңай келген жоқ,
Жан беріскен,жан алып.

Азаттық үшін шайқаста,
Жауынгерлер жаралы.
Қаншама мына қазаққа,
Жеңіс күнін сыйлады.


Пікірлер (2)

Али

Мен назерке жақсы көрем ❤

Алтынбек

Мен т сынбат жақсы көрем ❤

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері