Жаушықұм – Гүлсана Тілеубекова

Бұл бетте «Жаушықұм» атты Гүлсана Тілеубекова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.05.2016
  • 0
  • 0
  • 2860
Мұра боп жеткен қамалдан,
Жаушықұм қазір жаңарған.
Теңеуді таппай отырмын,
Теңесе алар соған дәл.

Киелі және құт мекен,
Сүйегің сенің мықты екен.
Шайырлар менен сал Сері,
Өзіңнен қанша шықты екен?!

Бақытым,бағым өз елім,
Өзіңде өсіп есейгем.
Биік болсыншы әрқашан,
Кең құшақ жайған керегең.

Жаушықұм атты төбешік,
Кімдерден бізге қалмаған?!
Байлығын елге ақтарған,
Солармен мен де мақтанам.

Санамда сыр ғып сақтаған,
Жүректе жыр ғып жаттаған.
Жырымды менің қабыл ал,
Жаушықұмыммен мақтанам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаушықұм өлеңінің авторы кім?

Гүлсана Тілеубекова — осы өлеңнің авторы.

Жаушықұм өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаушықұм өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гүлсана Тілеубекова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жаушықұм өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері