Сен десе бәрін ұмытам – Медеу Демеу

Бұл бетте «Сен десе бәрін ұмытам» атты Медеу Демеу жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.05.2016
  • 0
  • 0
  • 3306
Көкте де жүргім келмейді қазір жерде де,
Өзіңді сүйіп науқас боп жүрмін, емдеме.
Бақыттан басым бұрын тұратын айналып,
Мұңды боп кеттім мен неге?

Көрмегем ешбір әлі бір, жаным,ар аттап,
Қол бұлғап талай шақырса-дағы абат бақ.
Тек қана сені ұнатып өтем өмірден,
Өмірдің мынау беттерін жаймен парақтап.

Бүгін де көрдім түсімде сені жарқыным,
Жүрсің сен сеуіп жаныма сезім жарқылын.
Тағдырдың маған тартқаны тек өзіңсің,
Қайтейін басқа алтынын.

Өтермін,бәлкім,күндіз де,түнде сені ойлап,
Сен келер жаққа көзімді тігіп қарайлап.
Жабырқап жүрек тарығып жүрсе алдымнан,
Таңым боп атшы арайлап.

Өлшенбес өмір байлықпен және көрікпен,
Сен маған келсең қашанда жаным, сеніп кел.
Сен десе,өзім ұмытып кетем бәрін де,
Білмеймін, оны, неліктен?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сен десе бәрін ұмытам өлеңінің авторы кім?

Медеу Демеу — осы өлеңнің авторы.

Сен десе бәрін ұмытам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сен десе бәрін ұмытам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Медеу Демеу өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сен десе бәрін ұмытам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері