Сүймесем сені егер мен – Медеу Демеу

Бұл бетте «Сүймесем сені егер мен» атты Медеу Демеу жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.05.2016
  • 0
  • 0
  • 4138
Тартса да тағдыр, тауқымет талай,қайғы алдан,
Құтылмай қойдым сен жайлы мың-сан ойлардан.
Сусындай алар күн бар ма, жаным, бірге біз,
Бұлақтай мөлдір махаббат атты қайнардан.

Жылыстап жылдар, сынаптай сырғып ай күндер,
Қуаныш маған келері жұмбақ қай күннен?
Өзге жігіт өңді өзгертер деуің мүмкін ғой,
Шын сенсең егер ойымнан тастамаймын мен.

Сараңға түскен сәттерім қанша сені ойлап,
Бар кезгі күндер, жаным ау, қазір және әйбат.
Жарқыным, мені көзіңе ілмегеніңмен,
Көп тосып жүрмін келер деп сені бақ айдап.

Үміт пен сенім елестеп алғы көп күннен,
Тек сені ойлап тыныштық таппай кеттім мен.
Өзіңмен бірге болуда маған арман-тын,
Неліктен мұнша алыстап, жаным кетті іргең?

Сағым боп мүлде алыстап менен кеткенмен,
Самал боп есші қайта бір алдан,бөктерден.
Өзіңді алғаш көрген сәт жаным жай тауып,
Ақылдым менің, сені сүймесем егер мен.

Сені ойлап күнде, жаным-ау, әлі келем мен,
Тек сен деп мынау тірлікте қатал не көрмен.
Не көрмен, қалқам, өткені жаным өлермен,
Бұйтпес ем, сүймесем сені егер мен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сүймесем сені егер мен өлеңінің авторы кім?

Медеу Демеу — осы өлеңнің авторы.

Сүймесем сені егер мен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сүймесем сені егер мен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Медеу Демеу өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сүймесем сені егер мен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері