Жүрегімнің төріндесің – Медеу Демеу

Бұл бетте «Жүрегімнің төріндесің» атты Медеу Демеу жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.05.2016
  • 0
  • 0
  • 4275
Келісті ғой келбетің тартымды әрі ақ,
Дегендейін жігіттер қалсын қарап.
Түсінісер шағымыз жеткен жоқ па,
Танытып жүрсің неге салқын қабақ.

Жылытпасаң жанымды жанарыңмен,
Сенсіз сүрең көрінер дала мүлдем.
Өзің барда бақытты мен ғанамы,
Ал, жоқ болсаң жабырқап қаламын мен.

Көңілсізбін бір сәт сен көрінбесең,
Өзіңмен тек мен жарқын өмір кешем.
Мәңгілікке, жарқыным, сен тұрасың,
Жүрегімнің ең биік төрінде сен.

Саған деген сыршыл сан өлеңімді ең,
Жазып талай дамылсыз келемін мен.
Жан едің ғой кезінде жанымды ұғар,
Суынып барасың сен неге мүлдем.

Қаламаймын көлдердің қуын ұшқан,
Жақсы емес қой, жарқыным, суынысқан.
Жаным менің қашанда сен деп өтер,
Ал, жүрегім махаббат туын ұстар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүрегімнің төріндесің өлеңінің авторы кім?

Медеу Демеу — осы өлеңнің авторы.

Жүрегімнің төріндесің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жүрегімнің төріндесің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Медеу Демеу өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жүрегімнің төріндесің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері