Жоғалтып алғандаймын бірдемені – Медеу Демеу

Бұл бетте «Жоғалтып алғандаймын бірдемені» атты Медеу Демеу жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.05.2016
  • 0
  • 0
  • 4447
Телефоны құрғыры үндемеді,
Қуантатын шырылдап күнде мені.
Жұмысым да өнбейді осы күні,
Жоғалтып алғандаймын бірдемені.

Үндемеді, әйтеуір, үндемеді.
Ұмытып кетті ме екен, мүлде мені?
Сәтті күндер біртіндеп сарғыш тартып,
Ұлғаюда көңілдің мұң желегі.

Тағдыр ма бұл, тұрақсыз, ойнамалы,
Үміттімін бір болар тойдан әлі.
Бір сарынды жырлардан жалықты ма,
Әлде, мүмкін, шынымен ойламады.

Көңілді боп жүрмейді жанның бәрі,
Қуанышты бар тағы, бар мұңдары.
Тілерім тек тыныштық болғай да бұл,
Бұрқап соғар дауылдың алдындағы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жоғалтып алғандаймын бірдемені өлеңінің авторы кім?

Медеу Демеу — осы өлеңнің авторы.

Жоғалтып алғандаймын бірдемені өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жоғалтып алғандаймын бірдемені өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Медеу Демеу өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жоғалтып алғандаймын бірдемені өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері