Елден ерек сағынам – Медеу Демеу

Бұл бетте «Елден ерек сағынам» атты Медеу Демеу жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.05.2016
  • 0
  • 0
  • 4017
Сынағаның, жоқ әлде, бір амалың,
Хал жайымды неліктен сұрамадың?
Хабарласпай кетік-ау сен де, мен де,
Хабарласып тұрушы ек күнәра бір.

Жүрген соң ба махаббат сыйын көрмей,
Мен отырмын құлазып, күйім келмей.
Болғаны ма сыйластық сусымалы,
Жалт етіп жоғалатын құйын желдей.

Етпегелі қай заман әніңді үлгі,
Сондықтан ба, әйтеуір, жаным мұңды.
Жалт еткенде жаулайтын жанарыңмен,
Күн дидарың, күнім –ау,сағындырды.

Бақытыма өзіңді санаймын шын,
Деуші едім ғой қызғалдақ, арай гүлсің.
Жанымыз да, әніміз бір еді ғой,
Сағынбастан сен мені қалай жүрсің?

Жабырқаулы бүгінде жаным мына,
Білмедім бе, жоқ әлде, жаныңа ұға.
Жоқ болмаса, жарқыным, жомарт көңіл,
Менен бөлек бір жігіт табылды ма.

Табылды ма? Бір жігіт табылды ма,
Табылды ма, көркіңе табынды ма?
Сен не десең, о дегің, мен әйтеуір,
Елден ерек өзіңді сағындым ә?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Елден ерек сағынам өлеңінің авторы кім?

Медеу Демеу — осы өлеңнің авторы.

Елден ерек сағынам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Елден ерек сағынам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Медеу Демеу өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Елден ерек сағынам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері