Телефоным бүгін де шырылдады

Бұл бетте «Телефоным бүгін де шырылдады» атты Медеу Демеу жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.05.2016
  • 0
  • 0
  • 3189
Шыға жаздап шырылдап шыбын жаны,
Телефоным оқыстан шырылдады.
Жүгіріп кеп көтердім трубканы,
Сен емессің. Қайнады зығырданым.

Өкпелісің. Болды осы ұғынғаным,
Қайран көңіл сәл-ақ тұр жығылғалы.
Шырылдаса жүгірем сен екен деп,
Жалған үміт екен ғой мұның бәрі.

Сәл тыныстап ол тағы шыр етеді,
Шыр етеді. Көңілім дір етеді.
Ұмыттың ба? Ар жақта бөтен дауыс,
Кешке дейін осылай күн өтеді.

Демегейсің мұңсызсың, масаңдаусың,
Үнсіздігің көлгірсу, жасанды-ау шын.
Күнде күтіп жүрмін мен алаңдаумен,
Енді қашан естілер әсем даусың?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Телефоным бүгін де шырылдады өлеңінің авторы кім?

Медеу Демеу — осы өлеңнің авторы.

Телефоным бүгін де шырылдады өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Телефоным бүгін де шырылдады өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Медеу Демеу өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Телефоным бүгін де шырылдады өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері