Қаладағы қыс – Әдібай Табылды

Бұл бетте «Қаладағы қыс» атты Әдібай Табылды жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 09.08.2020
  • 0
  • 0
  • 2674
Қыстың аппақ қаламы
Ағартыпты қаланы.
Аялап жүр аяз кеп,
Ауладағы баланы.
Соғып үлкен ақ қала,
Соған мәз боп, шаттана,
Асыр сап жүр алаңда
Қар атысып топ бала.
Автобус тұр аялдап,
Адамдар жүр аяңдап.
Ақ мақтадай үлбірек
Парк, бульвар, сая бақ.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері