Тышқан мен сауысқан

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 04.04.2019
  • 0
  • 0
  • 10902
Бір суайт тышқан
Төбесінен ұшқан
Сауысқанды шақырды.
Өтірікті судай сапырды:
— Есіткен шығарсың, сауысқан,
Біздің бір туысқан,
Тышқан,
Жақында аспанға ұшқан...
Айға барып қайтты,
Сол маған айтты.
— Онда, ағыл-тегіл екен,
Ішіп-жейтін тегін екен,
Күріш пен бидай,
Қамбаларға сыймай,
Төгіліп-шашылып,
Жатады екен ашылып...
Мұны есіткен сауысқан:
— Айналайын, тышқан,
Құрдасым еді деп,
Сырласым еді деп,
Айтып көр онда туысыңа,
Мені де бір қуысына
Отырғыза кетсін,
Үш десе ұшайын,
Қон десе қонайын...
Сөйт, құрбандығың болайын!
— Ал осы жолы сені де,
Ұшыртайын, — деді де,
Тышқан тұрды тыштиып
Өзінше сөйтіп күш жиып.
Сауысқан оған сеніп қалды,
Бар тапқанын беріп салды...
Тышқан жөніне кетті,
Орала бере ініне зытты.
Өзі істемей басқаның
Атағына семірген,
Аз ба ойлаушы бас қамын,
Тамақ тапқыш тегіннен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тышқан мен сауысқан өлеңінің авторы кім?

Асқар Тоқмағамбетов — осы өлеңнің авторы.

Тышқан мен сауысқан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Тышқан мен сауысқан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Асқар Тоқмағамбетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тышқан мен сауысқан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері