Қарлығаш пен қабан – Асқар Тоқмағамбетов

Бұл бетте «Қарлығаш пен қабан» атты Асқар Тоқмағамбетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.04.2019
  • 0
  • 0
  • 6186
Қияқтай сүйір қанатын,
Қиғаштап жайып қанатын,
Қарлығаш жетіп ұясына,
Жем әкелсе баласына,
Байқап қалды қабанды.
Үйді тіреген бағанды
— Қуалай қазып үңгіп,
Жатыр екен ін ғып...
Қарлығаш қатты састы да;
— Құлатқаның жақсы ма ?
Бағанның басында,
Ұя барын қасында
Көптен бері білесің,
Достығың ба, қастығың ба?
Айтқаны - ақ сол қабанға:
— Ұя керек маған да!
Дегеннен басқа оған,
Түк айтпады қабан.
Көлгірси күліп өзі үшін,
Құшағын жайып дос болар.
Қапысын тапса өзге үшін
Ор қазатын сондайлар.
Айналаңда әлі бар.
Дос кім, қас кім ?
Танып ал!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері