Жапырағы жасыл жаутерек – Шалкиіз Тіленшіұлы

Бұл бетте «Жапырағы жасыл жаутерек» атты Шалкиіз Тіленшіұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.11.2015
  • 0
  • 0
  • 13976
Жапырағы жасыл жаутерек
Жайқалмағы желден-дүр,
Шалулығы белден-дүр,
Төренің кежігуі елден-дүр,
Байлардың мақтанбағы малдан-дүр,
Ақ киіктің шабар жері майдан-дүр,
Кешу кешмек сайдан-дүр,
Батыр болмақ сойдан-дүр,
Жалаңаш барып жауға ти,
Тәңірі өзі біледі,
Ажалымыз қайдан-дүр!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері