Жауынды күні көп жүрме – Шалкиіз Тіленшіұлы

Бұл бетте «Жауынды күні көп жүрме» атты Шалкиіз Тіленшіұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.11.2015
  • 0
  • 7
  • 19516
Жауынды күні көп жүрме,
Жар жағасы тайғақ-ты.
Жаманға жақыным деп сөз айтпа,
Күндердің күні болғанда,
Сол жаман өз басыңа айғақ-ты!
Асау тулап жықпаса,
Артқы айылдың беркі игі.
Жағаға дұспан қолы тимеске,
Артыңда туысқанның көбі игі.
Күндердің күні болғанда,
Қырға шықпас жаманның
Барынан да жоғы игі!
Арқаның құба жонында
Арыстан ойнар шарқ ұрып,
Атайы ердің тұсында
Тұлпары тұрар тарп ұрып,
Сол жаман елден кетер деп,
Артынан жақсылар қалар шақырып.


Пікірлер (7)

Назым

Жаксы маган унады.Создериде магыналы.

Ақдəулет

Маган ұнады

Жансая

Маған катты ұнады

Нигара

Өтееее жақсыыыы

Ерік

Сол заманда өмір сүргім келеді, бабаларымыздың жағдайын жақсы түсінемін

Томирис

Өлең өте мағыналы

Бибінұр

2025 тең сәлем! ✌️

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері