Қатынасы биік көлдерден – Шалкиіз Тіленшіұлы

Бұл бетте «Қатынасы биік көлдерден» атты Шалкиіз Тіленшіұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.11.2015
  • 0
  • 0
  • 18002
Қатынасы биік көлдерден
Қатар түзеп қу ұшар,
Алға сап тіз оқ ата көрмеңіз,
Қандыауыздан сыйлы жебе сайламай
Атаның ұлы ер жігітке
Арту-арту бел келер,
Оқтан қатты сөз келер.
Алға сап жауап бермеңіз,
Арғы түбін ойламай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері